Мақсұт Қалқабайұлы Сартбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сартбаев Мақсұт Қалқабайұлы (24.9.1937 ж. т., Қырғызстан, Бішкек қ.) — геолог, геол.-минерал. ғыл. канд. (1968). Фрунзе (қазіргі Бішкек) политех. ин-тын бітірген (1959). 1959 — 61 ж. Қазақстан ғылым академиясының Геология ғылымдары ин-тында, 1961 — 88 ж. Қырғызстан ғылым академиясының Геология ин-тында, 1988 — 99 ж. Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Тау жыныстарының физикасы мен механикасы ин-тында ғыл. қызметте болды. 1999 жылдан Қазақстан кен және мұнай-газ кен орындарын барлау компаниялары мен фирмаларында кеңесші. Сартбаев Тянь-Шаньның кембрийге дейінгі және фанерозой дәуіріндегі шөгінді, шөгінді-метаморфтық, жанартаутекті-шөгінді қатқабаттарының қара, сирек, түсті, асыл металл кендерімен генетик. байланысының іргелі ғыл. концепциясын жасауға қатысты. Қырғызстан Мемл. сыйл. лауреаты (1995). 150 ғыл. еңбектің, 10 монографияның авторы.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мақсұт Қалқабайұлы Сартбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}