Мақаш Байғалиұлы Тәтімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Мақаш Байғалиұлы Тәтімов (30 сәуір 1940, Алматы облысы Талғар - 16 сәуір 2016, Алматы) – демограф-ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты (1970), саясаттану ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Қазақстанда демография білімнің негізін қалаушы, қоғам қайраткері. Талғар қаласының Құрметті азаматы.

Өмірбаяны

Ол Қазақстанда демография білімнің негізін қалаушы, қоғам қайраткері болды. 1970-1993 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Философия және құқық иннститутының Ұлтаралық қатынастарды зерттеу орталығында кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер болып істеді. 1992 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демография саясаты жөніндегі кеңестің (1992-1997), Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (1992 жылдан) мүшесі, 1997 жылдан бері Орталық Азия университетінің ректоры болды.

Тәтімов — көші-қон саясатын талдап жасаушылардың, шет жұрттағы қазақтардың елге оралуын алғаш ұйымдастырушылардың бірі. «Құрмет» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған, Талғар қаласының құрметті азаматы.

  • В.И. Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық университетін (1966), Мәскеу экономикалық статистика институтының аспирантурасын (1969) бітірген.
  • 1970 – 1993 жылдары Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Философия және құқық институтының Ұлтаралық қатынастарды зерттеу орталығында кіші, аға және жетекші ғылыми қызметкер болып істеді.
  • 1931 – 1933 жылдары “голощекиндік геноцидтің”, 1937 – 1938 жылдары сталиндік қуғын-сүргіннің, 2-дүниежүзілік соғыс майдандарында қаза тапқан қазақтар шығынын, тоталитаризм үшін “сенімсіз” халықтардың Қазақстанға қоныс аударылуының саяси себептерін ашып көрсету жөніндегі түрлі комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ 1986 жылы оқиғаға қатысқан жастарды саяси-құқықтық ақтау үдерісіне қатысты. Халықаралық статистика деректеріне сүйене отырып, тұңғыш рет дүние жүзіндегі түркі тілдес халықтардың жалпы санын жариялады.
  • 1990 жылы “Азатазаматтық қозғалысын құруға қатысып, оның тең төрағасының бірі болып сайланды.
  • 1993 – 1996 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратында Ақпарат және талдау бөлімінің аға сарапшысы қызметін атқарды. Тәтімов – көші-қон саясатын талдап жасаушылардың, шет жұрттағы қазақтардың елге оралуын алғаш ұйымдастырушылардың бірі.
  • 1992 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Отбасы, әйелдер және демография саясат жөніндегі сабағаттық кеңестің (1992 – 1997), Адам құқықтары жөніндегі комиссияның (1992 жылдан) мүшесі.
  • 1997 жылдан Орталық Азия университетінің ректоры. “Құрмет” орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. 2012 жылғы елбасының жарлығымен "Парасат" орденімен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер