Кірпікшелер
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кірпікшелер (cilia; Үлгі:Lang-la— кірпікше) — ұзындығы 5-10 мкм-дей, ені 0,2 мкм-дей жасушаның қимыл-қозғалысын іс жүзеге асыратын арнайы органелласы. Кірпікшелердің орталығында жасуша плазмолеммасымен байланысқан біліктік жіпше - филамент - болады. Ол екі бөліктен: жасушадан тыс жатқан және жасуша ішіндегі бөліктерден тұрады. Кірпікшелер біліктік филаментін — орталығында орналасқан екі микротүтікшелер, шеткі жағындағы тоғыз қосарлы микротүтікшелер (дипломикротубулдар) және негіздік (базальды) денешік құрайды. Негіздік денешік негіздік түбірден және оған бекіген негіздік аяқшалардан (жолақты құрылым) тұрады. Негіздік түбірде қосарлы микротүтікшелердің орнында үштік микротүтікшелер (трипломикротубулдар) болады, ал орталықтағы екі микротүтікшелер болмайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кірпікшелер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}