Итеш Кішкейұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Итеш Кішкейұлы (1825-1905) - қазіргі Семей облысы, Аякөз ауданында туып-өскен от ауызды, орақ тілді шешен. Итеш Керей руының Көсе тармағынан шыққан. Итеш бұрынғы Ақшәулі болысына қарасты тоғыз старшын ауылды басқарған би екен.

Сөз сайыс билік-тартыста Итеш ешбір биге дес бермейтін бопты. Ол әсіресе, Үржар ауылының төресі Тайлақпен жиі кездесіп, екеуі ұзақ айтысып қатысады. Екеуінің шешендік сөз сайысын жұрт әдейі іздеп барып тыңдайды.

- Ол айтыс, шешендік әңгімелер бүгінде есте қалмады ғой, - дейді Итеш жөнінде сөйлеп отырған Нұрахмет ақсақал. Сексен екінші жылы Аякөз ауданының орталығында кездесіп әңгімелескенімізде Арықмолдаұлы Нұрахмет қария жетпіс бес жаста болатын. Аксақал сәл ойланып отырды да, әңгімесін әрмен жалғады:
- Итеш шешен мен Тайлақ төренің екеуінің де билігі қолдан кетіп, кедейленіп, қартайған шақтары. Тайлақ төреде аяқ артар жалғыз ат. Итеште сары байтал ғана қалған. Үржар маңында өтпекші болыс-билердің сиязына екеуі алдын ала бармақшы боп, келісіп қойған екен. Келісілген уақыт таяғанда байталының арқасы жауыр болып, Итештің сиязға барудан айнып отырған кезінде, оны ерте кетпек болған Тайлақ төре келеді. Ол үйге түссе, Итеш байталын әкелуге кеткен екен. Тайлақ төренің үйде отырғанын сырттағы атынан танып, байталын белдеуге байлап жатқан Итеш:
- Сары байталдың арқасы жауыр болды,
Сиязға бармасыма тәуір болды,

- дегенде, Тайлақ төре үйде отырып:

Жас күніңде сүйегің жеңіл еді,
Қартайғанда қырсық басып ауыр болды, -

деп іліп әкетеді. Үйге кіріп келген Итеш:

Жасымда көрмеп едім байтал мініп,
Жөніңмен жауабынды қайтар біліп.
Бұл күнде сен де кедей, мен де кедей,
Адамға дос бола ма жиған мүлік.
Сиязға тез бара ғой, Тайлақ төре,
Шығыпсың жалғыз атты сайлап төре.
"Жетпейді жоққа жүйрік" дегендейін,
Жоқшылық қолымды тұр байлап, төре, -

деп өлеңдетеді.

Тайлақ төре сөзден де тосылып құрдасының сиязға бармаймын деген ниетіне қосылған екен.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Итеш Кішкейұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}