Есет Көтібарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Есет батыр (1803-1889) - Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Дала Геркулесі. Тауман Төреханов. – Алматы: Атамұра Корпорациясы, 2008.
ISBN 9965-21-804-8</ref>
  • 1838 жылы Жоламан батырмен тізе қосып, көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасады.
  • 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты.
  • 1847-1858 жылдары Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және Кіші Борсық құмдары мен Мүғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады.
  • 19 ғасырдың 40-50 жылдарында Есет батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталады. Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды.
  • 1853-54 жылдары Есет батыр басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды.
  • 1854 жылы көктемінде көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінен қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, түтін салығын жою, қазақ даласына жазалаушы отрядтарды жіберуді тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, Жайық өзендерінің бойына еркін көшіп-қонуға мүмкіндік жасауды талап етті.
  • 1858 жылы жазалаушы отряд көтерілісті күшпен басты. Есет көтерілістен бас тартқан соң оған кешірім жасалды.
  • 1859 жылы тамызда бір топ сүлтан, билермен бірге Санкт-Петербургке жіберіліп, 24 тамызда Александр II патшаның қабылдауында болады.
  • 1861 жылы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалады.
  • 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының кіші көмекшісі болып бекітілді.
  • 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды.
  • 1879 жылы ол қызметтен босатылады.
  • 1889 жылы қартайған шағында дүние салды.

Есет Көтібарұлының өмірбаяны

Есет батыр Көтібарұлы (1803-1889)<ref name="source1">Тауман Төрехановтың ресми сайты, http://www.tauman-torekhanov.com, 2011 жылдың 7 тамыз күні тексерілді</ref> - халықтың әйгілі батырларының бірі.<ref>Қанмен жазылған тағдырлар. Тауман Төреханов. – Алматы: Атамұра Корпорациясы, 1999. ISBN 9965-01-320-9</ref> Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған.<ref name="source1"/> Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген.

1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталды.

Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды. 1853-1854 жылдары Есет батырдың басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды. 1853 жылы осы көтерілісті басуға сұлтан Арыстан Жантөрин, екі казак отряды мен 200 жігітті бастаған сұлтан Таукин, Орал бекінісінен майор Михайлов пен 600 жігітті бастаған сұлтан Е.Қасымов аттанды.Патша әкімшілігінің бұл жоспарынан хабардар болған Есет батыр Көтібарұлы шекті ауылдарын Үстіртке жіберіп, өзі 800 жігітпен жазалаушы отрядтарды күтіп қалды. Жақсы қаруланған жазалаушы отрядтардың көтерілісшілерге қарсы бұл жорықтары нәтижесіз болды. Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен көтерілісті басу келесі көктемге қалдырылды. Есет батыр Көтібарұлы 1853-1854 жылдың қысын Үлкен Борсықта өткізді. 1854 жылы көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінің алдына: қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, жайық өзендерінің бойларына көшіп-қонуға мүмкіндік жасау туралы талаптарын қойды. 1855 жылы Орынбор генерал-губернаторы Кіші жүздің бір топ билеуші сұлтандарына көтерілісті басып, Есет батырды қолға түсіруге қатаң тапсырма береді. Маусымның аяғында тапсырманы орындау үшін 900 адамдық отрядпен, өзіне бекітілген екі зеңбірегі бар казак жүздігі және дистанция бастықтарымен бірге Арыстан Жантөрин жорыққа аттанып, Ор бекінісінен 140 шақырым жер шамасындағы Елек өзенінің жоғарғы сағасындағы Суықсу шатқалына келіп бекінеді. Сұлтан ордасы мен көтерілісшілер арасында бірнеше күн бойы келіссөз жүргізіліп, екі жақ нақты шешімге келе алмайды. Осыдан кейін Есет батыр өз адамдарымен кеңесіп, сұлтан ордасына шабуыл жасауды ойластырады. 1855 жылы шілдеде көтерілісшілер сұлтан ордасын тұтқиылдан шабуылдап, А.Жантөрин бастаған он шақты би-старшындарын өлтіріп, казак отрядын талқандайды. Бұл оқиғаға мазасызданған Орынбор әкімшілігі көтерілісшілерді басуға тағы да жазалаушы отрядтар жіберіп, олар қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратты. 1856 жылы қыркүйекте әскери дала сотының үкімімен А.Есмамбетов, Қ.Қарин және Е.Айнақұловтар атылды. 1857 жылы Ерназар Кенжалин, Бекет Серкебаев, тағы басқа 18 адам Сібірге жер аударылды. 1858 жылы қыркүйекте Бородин басқарған жазалаушы отряд көтерілісті біржолата басты. Есет батыр көтерілістен бас тартқан соң, оған кешірім жарияланды. 1859 жылы тамызда бір топ сұлтан, билермен бірге Санкт-Петерборға жіберіліп, 24 тамызда патша Александр ІІ-нің қабылдауында болды. 1861 жылы Есет Көтібарұлы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалды. 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болып бекітілді. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды. 1879 жылы ол қызметтен босатылды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Есет Көтібарұлы жөнінде деректерді ХІХ ғасырда өзінің көзі тірісінде онымен кездескен жиһангерлер, тарихшылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері жазып кеткен.

1856-1861 жылдары Ресей сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің директоры болған Е.Ковалевский Хиуа сапары кезінде Есет Көтібарұлымен кездескенін былайша суреттейді: «Арал маңындағы Кіші жүз қазақтарының кейбір топтарынан құрылған отаршылдыққа қарсы қозғалысты басқаруынан бұрын Есетті сайын дала торабынан кездестірдім. Есет Геркулес сияқты атлетикалық дене бітімді,сұлу келбетті және ерлік іс-әрекеттері кез-келген еуропалықты таңғалдыратындай және бұл қасиеттері өз отандастарына да қатты әсерін тигізген». ХІХ ғасырдағы қазақ даласын еуропалықтарға алғаш рет таныстырған поляктың демократ-революционері, суретші Бронислав Залесский 1865 жылы Парижде француз тілінде шығарған «Қазақ сахарасына саяхат» деген кітабында былай деп жазған: «Мен бір күнімді Есет Көтібаров есімді қырғызбен өткіздім. Ол осы замандағы қазақ даласына танымал ерекше тұлға... ол көсем болып қалды... және қазының міндетін атқарды». Б.Залесский осы сапарында қара қарындашпен Есеттің қырынан отырған суретін салып алған. Есет сол заманда Еуропада, Ресейде суретке түсірілген, ол суреттері кезінде газет-журналдарда жарық көрген санаулы адамдардың бірі болды.

Ресейде табылған ақпарат құралдарында Кіші жүзде Есет батырдың аты 40-шы жылдарда өлтірілген отандасы Кенесарының немесе Кавказдағы Шамильдің атындай қаһарлы болғандығы және оның ұзын бойлы, селдір қара сақалды, мұртты, оның жүзінен қайырымдылық пен сергектік, тұнық әрі сабырлы көздерінен терең ақылдылық, салмақпен айтқан әңгімелерінен оның қазақ болмысын терең білетіндігі және кең парасаттылығы байқалатындығы жазылған. Соңғы жылдары табылған тағы бір дерек шығыстанушы С.Өтенияз Ұлыбританияның Лондон ұлттық кітапханасының сирек кітаптар қорынан 1865 жылы ағылшын тілінде жарық көрген қазақ даласы жайлы кітаптың көшірмесін алып келген. Осы кітаптың 33-беті Есет батырға арналған. Онда Есеттің сегіз ұлының үлкені - Назардың да суреті басылған екен. Тарихи деректер бойынша, Орынбор генерал-губернаторы Назар Есетұлын немере ағасы Бекет Серкебайұлымен бірге Орынбор түрмесіне қамайды. Кейін Бекетті Сібірге жер аударады да, Назарды Есеттің қаһарынан сескеніп, босатып жібереді. Осы кітапта Есет батыр бастаған көтеріліс толық жазылады.

Есет Көтібарұлының барлық әулеті ел қорғауға араласып, аттары тарихта қалған. Әкесі Көтібардың ерлігі өз алдына бір төбе немере ағасы Арыстан батыр Тінәліұлы, інілері Бекет Серкебайұлы, Ерназар Кенжалыұлы да тарихта қалған жандар. Арыстан, Көтібар, Есет есімдері «Айман-Шолпан» жырына арқау болған. Есеттің арғы атасы Қалдыбай батыр еліміздің оңтүстігіндегі Сайрам шабуылына қатысып, сүйегі Түркістанда қалған. Есеттің арғы тегі Алтын Орда мен Ноғайлы ұлысының әміршісі болған, атақты «ел қамын жеген «ер Едігеге» барып тіреледі.

Есет батыр Көтібарұлы 1889 жылы қартайған шағында дүние салды. Ол туып-өскен Шалқар ауданындағы Шолақжидеде жерленген. Басына төрт күмбезді кесене тұрғызылған. <ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>

Есет Көтібаров бастаған көтеріліс

XIX ғ. 50-жылдары орыс отаршылдығына қарсы Есет Көтібаров белсенді күрес жүргізді. Ол Арал теңізіне қарай жылжыған ресейлік әскерге күшті қарсылық көрсетті. Есет Көтібаров (1803—1889 жж.) Көтібар батырдың ұрпағы болатын. Ол тек қана өз руы үлкен шектінің арасында емес, сондай-ақ көрші қазақ рулары адай, табын, шөмекей, төртқара, кішкене шекті рулар арасында да үлкен беделге ие болды. 1838 ж. Есет Көтібар Жоламан батырмен бірге орыстардың Елек қамалына шабуыл жасап, ал 1847—1848 жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен бірлесіп Сырдарияның төменгі бөлігіндегі Хиуалық және Қоқандық жаулап алушыларға қарсы күрес жүргізді. Есет Көтібарұлы хиуалықтарға қарсы күресте Жанқожа Нұрмұхамедовқа бірнеше рет көмек көрсетті. Ол аз дегендей Хиуалық хан Жанқожадан тек сүлтандардың ғана емес, сондай-ақ батырлардың қолымен де құтылуға тырысты. Әрине, халық батыры, Жанқожаның туысы Есет Көтібарұлы Хиуа ханының арандатуына көнген жоқ, керісінше, Хиуалық басқыншыларға қарсы күресте Жанқожаға барынша көмектесті. Орынбор билеушілері қайткен күнде де Есетті қолға түсіріп, оған патша үкіметін мойындауға мөжбүрлеуді алдарына мақсат етіп қойды. Жазалаушылар Арал теңізінің оңтүстік-батыс жағалауында тұратын көтеріліске қатысушылар мен бейбіт тұрғындарды қатал жазалады. Орынбор генерал-губернаторы көтерілісшілерді басу үшін жазалаушы отрядтарды бірінен соң бірін жіберіп жатты. Бірақ Есет Борсық құмдары мен Үстіртке ауылдар мен ауыр жүктерді дер кезінде жіберіп үлгірді. Даламен жылжып келе жатқан өзінің жігіттерін ол екі топқа бөліп, орыс керуендеріне шабуыл жасап және жазалаушы отрядтармен ұрысқа араласты. 1847 жылдың жазында Жем өзенінің бойында Есет батыр патша үкіметінің жазалаушы әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. Орыс жазалаушы отрядтары Есет Көтібарұлы құрамындағы бірнеше руларды талқандап, материалдық байлықтарын тартып алып, малдарын айдап кетті. Есет бәрібір Орынборлық ведомствоның жазалаушы күштерімен күресті жалғастырды. Патша әкімшілігі Есет батырды қолға түсіру мақсатымен бірнеше рет жазалаушы әскер жіберді. Сонда да Есет батыр өз елінің жер жағдайын жақсы білетін ол жазалаушы отрядты адастырып, таптырмай кетіп жүрді. 1855 жылы ол отаршыл әкімшіліктің қолшоқпары билеуші-сұлтан Арслан Жантөреұлын өлтірді. Патша үкіметінің сауда керуендері мен бекініс-қамалдарына шабуыл жасаумен болды. Есет батыр тарапынан Хиуамен әскери одақ құру жөнінде жасаған ұсынысы сәтсіз аяқталды. Ресеймен 20 жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргізген Есет батыр 1858 жылы ол патша өкіметінің бейбіт шартын өз еркімен қабылдады. Бұдан әрі патшаға қарсы күресу бос әурешілік екенін түсінді. Патша үкіметі оның бұған дейін Ресей империясына қарсы жүргізген күресіне кешірім жасады. Ол кейінірек тіпті Ырғыз уездік бастығының көмекшісі болып тағайындалды. 1873 ж. Орынбор отрядының құрамында ол Хиуа жорығына қатысты. Бүл жорығы үшін оған "Жігері үшін" алтын медалін иеленді. Есет Көтібарүлы 80 жастан аса өмір сүріп, қайтыс болды. Ол Ақтөбе облысының Шалқар станциясына жақын маңда жерленді. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші езілген қазақ, қырғыз шаруалары еді. Көтерілістің жеңілу себептері: қазақ шаруаларының ұйымдасуының әлсіздігі, стихиялық сипаты, жеке ақсүйек феодалдарының опасыздығы. Көтеріліс жеңілгенімен Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан билеушілерінің озбырлығы қазақ еңбекшілерінің, Ресейдің құрамына кіруіне ұмтылған алғышарттардың пісіп-жетілуіне себепші болды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}