Дархан Сабырханұлы Сабырханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сабырханов ДарханҚазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры.

Еңбек жолы

1953 жылы 22-ші маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы Ш.Ділдәбеков атындағы ауылында туған. 1974 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «Металлургиялық өндірістерді автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірді. Қазақ химия – технологиялық институтында 1975 жылдан бастап жұмыс істейді.

1980 жылы 05.17.08 – Химиялық өндірістің процесстері мен аппараттары мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімін бітірді, 1982 жылы кандидаттық диссертация, 1996 жылы докторлық диссертациясын қорғады, 1997 жылдан бастап 05.17.00 – Химиялық технология бағыты бойынша профессор. Сабырханов Д. ғылыми–зерттеу зертханасының меңгерушісі, кафедра меңгерушісі, доцент, профессор, факультет деканы, институт директоры, оқу – әдістемелік бірлестігі және оқу ісі жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды.

2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Сабырханов Д. университеттің бірінші проректоры болып, 2012 жылдың маусым айынан оқу – әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры қызметін атқарып келеді. Д. Сабырхановпен 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты және 5 магистр дайындалды. Ол 200 ғылыми еңбектерді жариялап, алыс шет елдерде баспадан шығарды, 6 оқулық және оқу құралдарын, 25-тен астам әдістемелік жасалымдары жарық көрді. Д. Сабырханов дайындаған оқулықтар мен оқу құралдары университет және Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындары білім алушыларының арасында үлкен сұранысқа ие.

Қызметтері

Д. Сабырханов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы білімінің үздігі», «ҚР ғылымына қосқан үлесі үшін», «ҚР білімінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, А. Байтұрсынов медалімен, «КСРО өнертапқышы» атағымен марапатталған. Ол 2006 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым қорының гранттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің экология проблемалары бойынша қолданбалы зерттеулер бағдарламасымен ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның жасаған жылу-салмақ алмасу аппараттары және шаң-газ тазарту құрылғысы Қазақстан, Ресей, Украина және Өзбекстан мемлекеттерінің химия, металлургия, мұнайхимия, энергетика, химия – фармацевтика, құрылыс өндіріс салаларында енгізілді.

Д. Сабырхановтың басшылығымен М. Әуезов атындағы ОҚМУ – нің инновациялық-зерттеу жоғары оқу орны ретіндегі «Ғылым –білім - инновация» принципімен және ғылыми зерттеу арқылы жаңа білім және дағдыларды алу жолымен мамандарды дайындау сапасын жоғарылатуды көздейтін Стратегиялық даму жоспары жасалды. Д.Сабырханов жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен типтік нормативтік құжаттар (типтік оқу жоспарлары және типтік оқу бағдарламалары) жасауды басқара отырып, Қазақстанның білім беру жүйесінің нормативтік базасын құруға үлкен үлес қосты. Д.Сабырхановтың қажымас еңбегінің арқасында университетте оқу процесі толық қамтамасыз етіліп, ПОҚ-мен оқу-әдістемелік әдебиеттердің мемлекеттік тілде дайындалып, баспадан шығуы жоғары дәрежеге жетті.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарына арналған 8 ауыл шаруашылық мамандық бойынша мамандар дайындауды бастау және университетте агроөнеркәсіп факультетінің ашылуы Д. Сабырхановтың еңбегі. Ол мемлекеттік гранттарды иелену бойынша көшбасшы және университеттің алдыңғы қатарлы құрылымы болып табылатын факультеттің материалдық – техникалық дамуы және қалыптасуына қомақты үлес қосты.

Аймақтарға қажетті азық – түлік өнімдерін өндіру және өңдеу, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, биотехнология, металлургия, электр және жылу энегетикасы, машинажасау мамандықтары бойынша мамандарды дайындаудың бастамашысы болды.

Марапаттамалары

Д.Сабырхановтың басшылығымен қос диплом бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды оқыту және дайындау ұтқырлығы дамыды. Оның үлкен тәжірибеге бағытталған білім беру бағдарламаларын жасаудағы ғылыми – практикалық тәжірибесінің арқасында Германия, Түркия, Ресейдің жоғары оқу орындарымен бірлескен хабардарлық ыңғайы негізінде 10 бағыттағы бағдарламалары бойынша түлектер Қазақстан және серіктес жоғары оқу орнының дипломдарын алады. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында бакалавриат және магистратураның 13 білім бағдарламалары бойынша алғашқы болып халықаралық аккредитациядан өтуі, оларға Еуропа қауымдастықтарының «Евробакалавр, Евроинженер, Евроинформатик» үздік белгілерінің берілуі және осы оқу бағдарламаларының түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуі Д. Сабырхановтың еңбегінің нәтижесі. Түлектер бекітілген нұсқадағы дипломмен қатар бүкіл әлемде мойындалған ЮНЕСКОмен бекітілген формадағы «Диплом соплиментті» ала отырып, әлемнің еңбек нарығында үстем құқыққа ие болады.

Д.Сабырханов Ұлттық аккредитация және рейтинг агенттігінің (ҰАРА) және Білім беру сапасын бағалау тәуелсіз қазақстандық агенттіктің (БСБТҚА) сарапшысы бола отырып, Қазақстанның білім беру сапасын жоғарылатуға және аккредитация жүйесінің жасалуына қосқан үлесі мол. Қазақстан жоғары оқу орындарының институционалдық және бағдарламалық аккредитациясына қатыса отырып, мамандар дайындау сапасын жоғарылатуға еңбек сіңірді.

Дереккөздер

<references/>

1. Қазақстан ғалымдары кітабы, 2011ж.

2. ↑http://ardaktylar.kz/