Ахмет Шәмиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ахмет Шәмиев (11.7.1908 жыл, қазіргі Алматы облысы Жаркент қаласы — 14.6.1983 жыл, Алматы) — актер, әнші, Қазақ КСР-інің халық артисі (1970).

Өмірбаяны

  • Шәмиев сахналық өнер жолын 1925 жылы Жаркент қаласындағы драма үйірмесінен бастады.
  • 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан.
  • 1935 — 1983 жылы Ұйғыр музыкалық драма театрының (қазіргі Ұйғыр муз. комедия театры) құрамында актер болып, әр түрлі рөлдерде ойнады.

Рольдері

  • Шәмиевтің алғашқы ойнаған рөлі — Ж.Асимов пен А.Садыровтың “Анархан” атты муз. драмасындағы Мұхпула.
  • Бұдан кейін ол ұйғыр және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысып, сан алуан сахналық бейнелерді шынайы да тартымды ойнауымен көрермендер құрметіне бөленді.
  • Қазақ драматургиясы бойынша да қойылған спектакльдерге қатысып, Қодардың (Ғ.Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”), т.б. рөлдерін орындады.

Шығарған әндері

2-дүниежүз. соғыс жылдары оның есімі ТМД халықтары әндерін орындаушы ретінде де белгілі болды. Ол өз жанынан

  • “Қазақстан”
  • “Отан”
  • “Колхоз”
  • “Гудок”
  • “Махаббатым”, т.б. әндер шығарды.

Кинодағы рольдері

1957 жылдан киноға түскен:

  • Нұрмағамбет (“Шоқан Уәлиханов”)
  • Әзім (“Біз Жетісуданбыз”, 1958)
  • Серкебай (“Егер де біздің әрқайсымыз”, 1961)
  • Ахметжан (“Жылан жылы”, 1981), т.б.

Құрмет

Алматы қаласында ол тұрған үйге (Тимирязев көш., 113-үй) мемориалдық тақта орнатылған.

Марапаттары

“Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}