Алдаберген Қайырбекұлы Мырзабеков
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Алдаберген Қайырбекұлы Мырзабеков (14 қараша, 1930, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылы) – дирижер, педагог, ҚР халық әртісі (1984), публицист.
Өмірбаяны
- Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факултетін бітірген (1955).
- 1956 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестріне дирижерлік қызметке тағайындалып, 1968 – 1971 жылы оркестрдің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі
- 1971 – 1988 жылы дирижері болып еңбек етті.
- 1962 жылдан Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі және бас дирижері міндетін атқарып, оркестрдің орындаушылық, кәсіби деңгейін көтеруге де атсалысты.
Ойнаған музыкалары
- Оның оркестрге арнап түсірген Тәттімбеттің, Сүгірдің, Әшімтайдың шертпе күйлері, Ықыластың қобыз күйлері, тағы басқа халық композиторларының ән-күйлері, орыс және шет ел классиктерінің туындылары бар.
Шығармалары
- Моңғолияның Баян Өлгей аймағында қазақ музыкалық драма театрында қойылған “Тұлбанор шайқасы” спектакліне музыка жазды.
- Өзінің де ән, күйлері, күрделі увертюра, поэма жанрында жазылған төл туындылары көптеп саналады. Мырзабековтің “Қоңырқаз”, “Көкейкесті” сияқты оркестрге арналған партитур. таңдамалы жинақтары жарық көрді (1982, 1988).
Марапаттары
Шығармашылық еңбегі үшін Моңғолияның “Алтын жұлдыз” орденімен марапатталды. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>