Sozdik.kz

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Sozdik.kz» - қазақстандық сайт. қазақша-орысша, орысша-қазақша тегін онлайн-сөздік. Жобаның авторы - Евгений Чуриков. Күн сайын кем дегенде 2 мың адам sozdik.kz сайтының қызметіне жүгінеді. Дені қазақстандықтар. Бұдан кейінгі орында Ресей, Германия, Қытай, Түркия қолданушылары тұр.

Тарихы

Евгений Чуриков Интернеттегі сөздік жобасымен 1999 жылдан бері айналысып келеді. Ол кездері Unicode екі байтты кодировкалар, яғни кирилл тағы басқа әріптердің кең қолданысқа түсуіне мүмкіндік беретін бағдарламалар енді ғана қолданысқа ене бастаған. Сол тұста қазақ тілінің төл әріптерін Интернетке қалай ендіруге болады деген сауал мазалады. Көкейін тескен сауалға жауап тапқан соң, қоғамға пайдасы тиетін қандай жобаны іске асырсам болады деген ой жетегінде жүрді. Интернетте қос тілді сөздік жасау ойы сол кезде ойына келді. Екі жылғы дайындық жұмыстарынан соң, 2001 жылдың қараша айында іске қосады. 2002 жылдың жазында sozdik.kz доменін сатып алады. Содан бері жобасы осы интернет мекенжайында орналасқан.

Сайт аудиториясы ай сайын 5 пайызға өсуде. Жұмыс күндері сайтқа келушілердің саны тәулігіне 2 мың адамды құрайды. Күн сайын 20-25 мың сөз бен сөз тіркестерінің аудармалары жасалады.

Сілтеме

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}