Baq.kz

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Сайт

Baq.kz – «Қазконтент» акционерлік қоғамына тиесілі қазақтілді ақпараттық портал. Порталдың басты мақсаты – интернеттегі қазақ тілді басылымдардың басын қосу. Порталда қазақ тілді басылымдар өз өнімдерін жариялауға мүмкіндіктері бар. Бүгінде онда 29 газет, 6 журнал тіркелген. Газеттер: Айқын, Ақтөбе, Алаш айнасы, Алматы ақшамы, Алтын Орда, Жас Алаш, Жас қазақ, Жас қазақ үні, Жетісу, Замана, Қазақстан-Заман т.б. газеттер. Журналдар: Ақиқат, Алаш, Жалын, Мөлдір бұлақ, Мұқағали, Үркер. <ref>www.baq.kz</ref>

Тарихы

Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың қараша айында құрылған.

Порталдың ерекшелігі

Порталдағы 30 айдарда күн сайын әлемде және Қазақстанда болып жатқан жаңалықтар топтамасы оқырманға дер кезінде ұсынылады. BAQ.KZ-те еліміздің қазақ тіліндегі 104 газеті мен 34 журналының сайттары және 175 электронды БАҚ топтастырылған. Портал қолданушылары 11 радио мен 17 телеарнаны онлайн жүйесінде пайдалана алады. Яғни, бір сілтеме арқылы қазақ тілді барлық БАҚ-қа қол жеткізу мүмкіндігі бар. «Аймақтық БАҚ» бөлімінде өңірлерде шығатын 217 газеттің жеке парақшалары ашылып, жұмыс істеуде. «Блогтар» бөлімінде 245 блогшы интернет-күнделіктерін ашқан. Қазіргі таңда BAQ.KZ ақпараттық агенттігінде 40 000-ға жуық жаңалықтар және Аймақтық БАҚ-ның 36 000-нан аса материалдар қоры бар. Сонымен қатар, Порталда шетелдегі қазақ диаспораларының тыныс-тіршілігін қамтитын «Жаһан қазақтары», еліміздегі тарихи тұлғаларға қатысты дүниелерді ұсынатын «Алтын қор» бөлімі және мұрағаттардағы құнды деректерді жарыққа шығаратын «Асыл қазына» бөлімдері жұмыс істеп, оқырмандарға сирек кездесетін бірегей ақпараттар таратады. BAQ.KZ ақпараттық агенттігі күніне 10 000-12 000 оқырманы бар қазақтілді бірегей портал.

Дереккөздер

<references/>