Өскен Бөрғазы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өскен Бөрғазы - 1943 жылы 3 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында дүниеге келген. Осы ауылда орта мектепті бітірген.

  • 1965 жылы Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласындағы жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық,
  • 1974 жылы Шымкент қаласындағы педагогикалық институттарын тамамдаған. Инженер-технолог және математика пәнінің мүғалімі мамандықтарын алған.
  • Еңбек жолын 1966 жылы Павлодар облысындағы Бозшакөл астық қабылдау пунктінде директордың орынбасары-технолог болып бастаған.
  • 1967 жылдан Шымкент қаласындағы облыстық астық өнімдері басқармасында инженер болып қызмет еткен.
  • 1968-1969 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы Ғ.Мүсірепов атындағы орта, А.С.Макаренко атындағы сегіз жылдық мектептерде мұғалім,
  • 19691975 жылдары оқу ісінің меңгерушісі,
  • 19751984 жылдары мектеп директоры, «Сызган» пионер лагерінің бастығы,
  • 19841986 жылдары «Созақ» кеңшары кәсіподақ комитетінің төрағасы,
  • 19861991 жылдары «Шу» кеңшары партия комитетінің хатшысы,
  • 1991-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы N21 кәсіптік мектептің директоры болып қызметтер атқарған.

Шығармалары

Бірнеше жыр мүшәйралардың жүлдегері. «Заман-ай» (1992), «Киелі топырақ» (1996), «Теріскей толгауы» (1999), «Сағыныш» (2003), «Толғаныс толқвіндары» (2005) атты жыр жинақтарының авторы.

Жетістіктері

  • Созақ ауданының Құрметті азаматы,
  • Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері.
  • Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің грамотасымен марапатталған.
  • Облыстағы 2005 жылдың ең үздік ақыны атағына ие болған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}