Өскенбай Қабылбекұлы Мәдиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлы (17.6.1945 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы Задарья ауылы) — техника ғылымдарының докторы (1980), профессор (1983), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).

Жамбыл технология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын бітірген (1966). Жамбыл технология, жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында (1966 —1968, 1971 — 1998), Халықаралық Қазақ-түрік университетінде (1998 — 2002), Тараз мемлекеттік университетінде (2002 — 2003) ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарған. 2003 жылдан Алматы экономика және статистика академиясының Жамбыл институтының ректоры.

Мәдиев тері өңдеу процесінде қолданылатын алюминий, цирконий және титан қосындысы негізінде жаңа илегіштер синтезінің теориялық негіздерін жасайтын жаңа бағыт ашты. Бұл жұмыстарының нәтижесінде өндірілген өнімнің түр-түрін көбейту және сапасын арттыру, тері өңдеу фабрикаларында экологиялық жағынан зиянды хром қосындыларын қолдануды азайтуға немесе толығымен ауыстыруға мүмкіндік беретін жаңа кешенді минералдық илегіштер шығарды. Қоршаған ортаға зиянсыз диаммонийфосфатпен мал терісін бүлінуден сақтаудың теориялық негізін салып, практикалық әдістерін енгізді. Мәедиевтің практикалық ұсыныстары мен түрлі әдістемелері Қазақстан мен ТМД елдеріндегі тері өңдеу фабрикаларында кеңінен қолданыс тапты. Ол 16 авторлық куәліктің иесі, 4 монография, 150-ден астам ғылыми еңбек жазған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Шығармашылығы

  • Минеральное дубление в производстве кож, Мәскеу, 1987.

Дереккөздер

<references/>