Өмірзақ Өзбекұлы Өзбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өмірзақ Өзбеков (10 қараша, 1947, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас (ауыл)) - Қазақстанның саясатшысы, дипломаты, саяси ғылымдардың кандидаты

Өмірбаяны

  • Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген (1971), ветеринар дәрігер.
  • Қорам темекі кеңшарында, "Авангард" кеңшарында мал дәрігері болып жұмыс істеген.
  • 1971 - 1985 жылдары "Таусүгір" кеңшарының компартия комитетінің хатшысы.
  • 1985 - 1990 жж. Т.Қабылов атындағы кеңшар директоры.
  • 1990 - 1991 жж. Шелек аудандық атқару комитетінің төрағасы.
  • 1991 - 1992 жж. Алматы облысының ауыл шаруашылық басқармасы төрағасының орынбасары.
  • 1992 - 1994 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары
  • 1994 ж. қазанынан - 1996 ж. наурызына дейін - Алматы облысының әкімі.
  • 1996 ж. наурызынан - 1997 ж. мамырына дейін - Талдықорған облысының (соңғы) әкімі.
  • 1997 жылдың маусымынан - 2003 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
  • 2003 жылдың шілдесінен 2008 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
  • 2008 жылғы қаңтардан 2011 жылғы 13 қазанға дейін - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің басшысы.
  • 25 сәуір 2013 жылы - 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ғылыми еңбектері

Саяси ғылымдардың кандидаты, диссертация тақырыбы: "Қазақстан-Өзбек қатынастарының саяси аспектілері", (2000).

Марапаттары

  • "Құрмет" ордені (2003)
  • "Астана" медалі (1998)
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
  • «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006)
  • «Астананың 10 жылдығы» (2008)

Отбасы

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}