Өмірзақ Естайұлы Шөкеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Shokeyev Omirzaq.jpg
Өмірзақ Естайұлы Шөкеев

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев (12 желтоқсан, 1964, Түркістан) — "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ң басқарма төрағасы (2011 ж. 26 желтоқсанынан). Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қысқаша өмірбаяны

  • Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын бітірген.
  • ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;
  • Президент Әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары 1991—1993 жж. қызметтерін атқарған.
  • 1993—1995 жж. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік меншік жөніндегі территориялдық комитетінің төрағасы.
  • 1995 ж. қараша айынан - ҚР Экономика министрі; ҚР вице-премьері болып қызметтер атқарған.
  • 1997 ж. қарашасынан 1998 жылдың сәуіріне дейін - «Тұран-Әлем» банкінің басқарма төрағасы;
  • 1998 ж. тамыз айынан - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымында болды.
  • 1998 ж. тамыздың 19 - Қостанай облысының әкімі қызметін атқарған.
  • 2004 ж. наурызынан - Астана қаласының әкімі қызметін атқарған
  • 2006 ж. қыркүйектің 20-сынан - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
  • 2007 ж. тамыздың 27-нен - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
  • 2009 жылғы 3 наурыздан - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
  • 2011 ж. 26 желтоқсанынан - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ң басқарма төрағасы.<ref>Премьер-Министр Өмірзақ Шөкеевті «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы етіп тағайындады</ref>

Отбасы

  • Үйленген. Жұбайы - Мұхамеджанова Зәуре Советқалиқызы.
  • Қыздары - Нұрбала, Нұргүл;
  • ұлы - Нұрасыл.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер