Өгізбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өгізбаев Жағда (дұрысы Жауда) Ордабайұлы (1.1. 1912, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы – 8.10.1962,Алматы) – актер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артист. (1962). Сахналық жолын 1931 жылы Риддердің Жұмысшы жастар театрынан бастаған. 1935 жылы қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы студияны бітірді. 1933 – 62 жылдары осы театр труппасында ойнап, Кебек, Жүніс, Сапар, Ербол, Алшағыр (М.Әуезов, “Еңлік – Кебек”, “Түнгі сарын”, “Тас түлектер”, “Сын сағатта” және “Қара қыпшақ Қобыланды”), Махамбет (М.Ақынжанов, “Исатай – Махамбет”), Жанбозов (Әуезов пен Ә. Әбішев, “Намыс гвардиясы”), Айбас (Әбішев, “Қырағылық”), Кошкин (К.А. Тренев, “Любовь Яровая”), Чибисов (Н.Ф. Погодин, “Мылтықты адам”), Лавров (Б.Ф. Чирсков, “Жеңімпаздар”) сияқты күрделі, сан алуан сахналық рөлдерді орындады. Ол өзінің сахналық кейіпкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық бояуының қанық болуына ден қоятын актер болды. Киноға да түскен: Толағай (“Алып туралы ән”, 1942), Әбіш (“Абай әні”, 1945), Малбағар (“Дала қызы”, 1954), Өтеш (“Бұл Шұғылада болған еді”, 1955). 1948 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры студиясында педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Сол жылы Ш.Аймановпен бірлесіп Ғ.Мүсіреповтің “Ақын трагедиясы” (Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры) қойды. 2 рет “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 10 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Өгізбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}