Әш-Шүдүр әд-Даабийа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

әш-ШҮДҮР әд-ДААБИЙА ... (“Түркі тілі туралы жазылған алтын тізбе”) — мәмлүк қыпшақтарының тілі туралы жазылған грамматикалық анықтамалық. Авторы — Молла ибн Мұхаммед Салих. Түпнұсқа 17 ғасырдыңбасында (1619 жылы ш.) Египетте жазылған (қолжазбасы Стамбұлда сақтаулы), оны 1949 жылы Б. Аталай жеке кітап түрінде Анкара қ-нан бастырып шығарды.

Анықтамалық бес бөлімнен тұрады:

  • 1) іс-қимылды білдіретін сөздер (олар граммат. тұлғаларына қарай 8 тарауға бөлінген);
  • 2) есім сөздер;
  • 3) есімдіктер мен сан есімдердің жасалу тәсілдері;
  • 4) қыпшақ, араб тілдеріне ортақ сөздер;
  • 5) Осман түріктерінің тілінен алынған сөйлемдер мен сөз тіркестері.

1615 жылы Египетті түріктер жаулап алған соң мәмлүк қыпшақтары тілінің үстемдігі жойылып, оның есесіне Осман түріктерінің тілі бел ала бастады. Сондықтан әш-ШҮДҮР әд-ДААБИЙА... Египетте жазылған қыпшақ тілі туралы ежелгі еңбектердің соңғысы болып есептелінеді. <ref>Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М., Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі, А., 1971.</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әш-Шүдүр әд-Даабийа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}