Әшірәлі Кенжеұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Әшірәлі Кенжеұлы (6 желтоқсан 1946 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Кәлтоған ауылы - 19 қыркүйек 2001 жыл, Алматы) — актер. Қазақстанның халық әртісі (1998 жылы). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері (1968-2001 жылдары).

Жалпы мәліметтер

Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1969). Өнер жолын 1968 жылы Қазақ академия драма театры сахнасынан бастады. Ол Қозы (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы-Көрпеш -Баян сұлуында"), Алшағыр, Көлбар, Кеңгірбай (М.Әуезовтің "Қара қышлақ Кобыланды", "Айман - Шолпаны", "Еңлік - Кебегінде", Абай (Б.Римованың "Абай -Әйгерімінде"), Демесін, Айтөре (Д.Исабековтің "Кішкентай ауылы" мен "Ескі үйдегі екі кездесуінде"), Қайырбай(С.Балғабаевтың"Ғашықсыз ғасырында"), Мард (Шахимар-деннің "Томирисінде"), Құнанбай (И.Сапарбайдың "Абай - Әйгерімінде"), Гарпагон (Ж.Мольердің "Сараңында"), т.б. рольдерді шебер орындады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Жеке өмірі

Жары: Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актрисасы. Қазақстанның халық артисі. «Парасат» және «Құрмет» Ордендерінің иегері Торғын Жылқышықызы Тасыбекова.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}