Әшім Құрамбайұлы Омаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әшім Құрамбайұлы Омаров (13 мамыр 1929 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Қызыләскер ауылы) – металлург ғалым, технология ғылымының докторы (1978), профессор (1971), Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академиясы (2003). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1991).<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref>

Өмірбаяны

Мәскеу болат және қорытпалар институтын (1953), КСРО ҒА Металлургия институтының аспирантурасын (1960) бітірген. Өзбекстанның металлургия зауытында инженер (1953 – 57), Өзбекстан ҒА-нда ғылыми қызметкер (1960 – 61), Шымкент химиялық-технологиялық институтында проректор (1961 – 68), ҚазПТИ-де (қазіргі ҚазҰТУ) ғылыми-педагогикалық қызметте (1968 – 84), ректор (1968 – 76), Шымкент педагогикалық институтында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан университеті) ректор (1984 – 93) болды. 1993 жылдан ҚазҰТУ-да ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысуда. Негізгі ғылыми еңбектері компонентті қорытпалардың фазалық құрамы мен құрылымын зерттеуге, болат қорыту технологиясын жетілдірудің теориялық және тәжірибелік мәселелеріне арналған. Бір топ ғалымдармен бірге технологиялық процестерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін жасап, өндіріске енгізді. Ол электрометаллургиялық болат өндірісінің жаңа технологиясын комплексті құру жобасын ұсынды. 18 авторлық куәлігі, 9 патенті бар. “Құрмет”, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әшім Құрамбайұлы Омаров|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}