Әше Қазы хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әше Қазы хан 1951 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. 1980 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін, 1997 жылы Қазақстан мемлекеттік Басқару академиясының экономика факультетін қызыл дипломмен бітірген. 19671989 жылдары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда, «Мектеп», «Жазушы» баспасында жұмыс істеген.

Жұмыс баспалдағы

1989-1995 жылдары «Сөзстан» баспасының директоры, 19951996 жылдары «Қазақ энциклопедиясында» Бас редактордың өндіріс жөніндегі орынбасары, 19961999 жылдары «Бухгалтерлік есеп және аудит» журналында Бас редактордың орынбасары, 19992003 жылдары республикалық «Ара-Шмель» журналының Бас редакторы болып қызмет еткен.

Еңбегі

«Айшуақ әлем» атты мысал, аңыз, әңгімелер кітабы, «Материктердің физикалық географиясы» атты аударма («Мектеп», 1984), «Енді қайттім» сықақ әңгімелер («Жазушы», 1987), «Тәтті қауын» (1987), «Аялы алақан» («Қайнар», 1988), «Өзімнен де бар» атты сықақ әңгімелер мен повестер жинағы (1990), «Аспан мен ханзада және басқалар туралы» аудармасы (1992, «Рауан»), «Сөз сүйектен өтеді» сатиралықмақал-мәтелдері, «Мұқанның мысқылы» (1997), «Сүйген жан кешірімді» (1996), «Сам виноват» (1996, орыс тілінде, «Сөзстан»), «Күлкі көңіл көркі» (2003) атты кітаптары жарық көрді. 19891990 жылдары елімізде «Құран-Шариф» кітабын бастырған. «Иман шарт», ақ құранды аударған. «Мың жылғы арман», «Ағылшынша-орысша-қазақша дипломатиялық терминдер», «Қазақша-ағылшынша-орысша дипломатиялық терминдер» атты қосарланған кітабы 2007 жылы «Сөзстан» баспасынан жарық көрген.

Жетістіктері

1998 жылы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығын алды.«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006). <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}