Әуезов ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ӘУЕЗОВ ЕСКЕРТКІШІ — ұлы жазушы М. Әуезовке қойылған ескерткіштердің ортақ атауы. Алғашқы ескерткіш 1967 жылы Алматы қаласындағы Қазақ академиялық опера және балет театры жанындағы алаңға қойылды (мүсінші Т. Досмағамбетов, археолог М. Меңдіқұлов). Шойыннан құйылған ескерткіш-мүсіннің тұғыры баспалдақ түрінде жасалған. Биіктігі 6 м. Екінші ескерткіш 1980 жылы Алматы қаласындағы Қазақ академиялық драма театры алдына орнатылды (мүсінші Е. Сергебаев, арх. О. Баймырзаев, М. Жақсылықов және А. Қайнарбаев). Оған 1982 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының берілді. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қара сұр граниттен қаланған. Биіктігі 6,8 м. Жазушы терең ой құшағында бейнеленген, оң қолында кітабы, желбегей жамылған шапаны бар. Ескерткіш театр ғимаратымен әсем үйлесім тапқан. 1987 жылы ұлы Жазушының туғанына 90 жыл толар қарсаңда Семей қаласында Ертіс өзенінің бойына тағы бір ескерткіш тұрғызылды. Қоладан жасалған мүсін ескерткіштің биіктігі 5 м (мүсінші Т. Досмағамбетов, арх. А. Қайнарбаев).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әуезов ескерткіші|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}