Әсет Өрентайұлы Исекешов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Исекешов Әсет Өрентайұлы (17 тамыз 1971 жыл, Қарағанды қаласы) - Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Индустрия және сауда министрі (2009 - 2012), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрнің орынбасары (2010 - 2012), Индустрия және жаңа технологиялар министрі (2012) <ref>Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми порталы</ref>.

Биографиясы

1971 жылғы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін, 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.

1995 - 1997 жылдары Медеу ауданы прокурорының тағылымдамадан өтушісі, көмекшісі, аға көмекшісі; ҰЖМБМ тыңдаушысы (1997-98 жылдары).

1998 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы болып жұмыс істеді.

1999 - 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2000 - 2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті, 2002 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді.

2002 жылғы қараша - 2003 жылғы маусым – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2003 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.

2006 жылдан бастап – «Қазына» Орнықты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары.

2007 жылдан 2008 жылға дейін – «Credit Swiss (Қазақстан)» ЖШС қаржылық жобалау маркетингі бойынша директоры.

2008 жылғы наурыз-мамыр – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2009 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.

2010 жылдың наурызынан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

2012 жылдың қаңтар айынан бастап Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

Дереккөздер

<references/>