Әсет Кемпірбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кемпірбеков Әсет (23.5. 1923 жылы туған, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Қаракемер ауылы) – еңбек және соғыс ардагері.

1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Бішкектегі әскери училищеде оқыды. 1944 жылы кіші лейтенант дәрежесінде соғыс майданына аттанды. 1-Белорусс майданы құрамында болып Польшаны азат етуге, Одер өз-н алуға, Померания – Шнейдемюль операциясына, Берлинді алуға қатысты. Көрсеткен ерлігі үшін оған жоғарғы Бас Қолбасшы И.В. Сталиннің бұйрығымен алғыс жарияланды. Рейхстагты шабуылдау кезінде ауыр жарақат алды. Ол басқарған взвод Рейхстагқа ту тігуді қамтамасыз етті. Рейхстагты алуға атсалысқаны үшін Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылды. Бірақ оған Мәскеу 1-дәрежелі Отан соғысы орденін берумен шектелді.

1962] жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірді. 1947 – 1964 жылы орта мектеп мұғалімі, оқу ісі меңгерушісі, 1964 – 1983 жылы Қаракемер орта мектебінің директоры. «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Кемпірбеков есімі «Герой штурма Рейхстага» атты кітапқа енгізілген. <ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Пайдалған әдебиет

<references/>

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}