Әріп ғалым Бисембіұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Әріп ғалым Бисембіұлы (1960 жылы туған, Маңғыстау ауданы Шебір ауылы) – журналист,<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref> Қазақстан журналистер одағының мүшесі (1986).

Өмірбаяны

ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1982).

19821985 жылдары Алматыдағы «Жалын» баспасында редактор болды.

19851988 жылдары Маңғыстау облысы «Коммунистік жол» газетінде тілші, жауапты хатшы болды.

19881990 жылдары Ақтаудағы Абай атындағы Мәдениет сарайында нұсқаушы-методист болды.

19901994 жылдары «Маңғыстау» газетінде тілші, жауапты хатшының бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі болды.

1994 жылдан бастап «Маңғыстау» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары.

Шығармашылығы

«Жыл он екі ай», «Жақсы жұмыс», «Көңілді тоқсан», «Қарлығаш», «Абитуриент-77», «Мерейлі мекен», тағы басқа жинақтарға топтама өлеңдері енген. Өзінің дербес «Жүрегімнің толқындары», «Асау жүрек», «Дүрия-дүние», «Асылдың сынығы», «Каспий трагедиясы», «Жұлдыз-ғұмыр», «Рух жанартауы», «Ақын арманы»(азабы), «Төрт толғау» атты поэзиялық, прозалық, публицистикалық кітаптары жарық көрді. Форт-Шевченко қаласының 160 жылдығына арналған «Жаңарған Ақкетік», Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған «Отты жылдар жаңғырығы» кітаптарының авторы. «Гармония» атты жыр жинағы ақын Р.Рябцовскаяның көркем аудармасымен (жолма-жол аударған Раушан Әріп) орыс тілінде басылып шықты. Жазба ақындардың 1990 жылғы Алматыда өткен республикалық тұңғыш Мүшәйрасына Маңғыстау облысынан бірден-бір қатысушы. Әріп журналистер мен ақындар арасындағы облыстық, республикалық бәйгілерде жеңімпаз, жүлдегері.

Марапаттары

  • Маңғыстау облысы әкімі мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы.
  • Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасы.
  • ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне мерекелік медалі.
  • ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасы.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
  • Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі.
  • ҚР Мәдениет қайраткері.

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Бастама