Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов (19 қыркүйек 1960, Мәскеу) — БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы.

Өмірбаяны

  • Білімі — жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілін еркін меңгерген.
  • 1982 ж. М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін бітірген, «экономист, саяси экономия оқытушысы» мамандығын алған,
  • 1987 ж. — М. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімін,
  • 1994 ж. — Лондон Университетін бітірген, экономика, қаржы жөніндегі магистр дәрежесі берілген.
  • М. Ломоносов атындағы ММУ-ды бітіргеннен кейін оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен шұғылданды.
  • 1993 ж. қыркүйек — 1996 ж. тамыз аралығында Лондон қаласында (Ұлыбритания) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінде тағылымдамадан өтіп, консультант және арнайы қызметкер болып жұмыс істеді.
  • 1996 ж. тамыз — 1998 ж. сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
  • 1998 ж. сәуір — 2000 ж. тамыз аралығында: Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2000 ж. тамызда «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.
  • 2000 ж. қазан — 2002 ж. қаңтар аралығында — «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ Басқармасының Төрағасы.
  • 2002 ж. қаңтар — маусым аралығында «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы.
  • 2001 ж. маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның ҚРҰБ-дегі қызметінің негізгі саласы қаржылық қадағалау болды. Ә.Ғ. Сәйденов банктік және сақтандыруды қадағалау, бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу мәселелеріне жетекшілік етті.
  • 2004 ж. қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметін атқарады.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
  • 11 наурыз 2009 — БТА банк басқармасының төрағасы.
  • 15 тамыз 2011 — БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы.

Марапаттары

  • «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2006)
  • «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008).

Жеке мәліметтер

  • Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.

Жанұясы

  • Анасы - Сәйденова Фируза Абдоллақызы (1938 ж. т.), зейнеткер.
  • Жұбайы - Қалдыбаева Сәуле Оразбекқызы, экономист.
  • Ұлы - Байтас (2005 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

Үлгі:Bio-stub