Әнуар Хамзаұлы Жақыпов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жақыпов Әнуар Хамзаұлы (15 қыркүйек 1928 жыл, Қостанай облысы Урицкий ауданы, Құдықшылық ауылы) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері. 1949 жылы Ақмола темір жол техникумын бітірген. 1957 жылы Ташкент темір жол транспорты инженерлері институтын бітірген.

Еңбек жолы

  • 1944-45 ж. Ақмола облысы Есіл стансасында слесарь;
  • 1949-54 ж. станса бастығы, 1957-58 ж. Атбасар стансасында бөлім бастығы;
  • 1958-60 ж. Жамбыл стансасында жүк тасымалдау бөлімінің бастығы;
  • 1960-61 Қостанай темір жол бөлімінде кәсіподақ ұйымының төрағасы;
  • 1961-69 ж. Ақмолада темір жол бөлімі бастығы;
  • 1969-78 ж. Қазақ КСР автомобиль транспортының министрі;
  • 1978-81 ж. Алматы қаласы атқару комитетінің төрағасы;
  • 1981-83 ж. Алматы қаласы партия комитетінің 1-хатшысы;
  • 1983-88 ж. Жамбыл облыстық партия комитетінің 1-хатшысы.

Марапаттары

  • Қазан революция ордені,
  • Еңбек Қызыл Ту ордені,
  • «Құрмет белгісі» ордені.<ref>"Тараз, Жамбыл облысы" энциклопедиясы, Алматы 2003</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер