Әнуар Оспанұлы Сегізбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сегізбаев Әнуар Оспанұлы (19. 1. 1935 ж. т., Целиноград обл., Шортанды ауд., Елизаветинка с.) – қазақ совет травмотолог және ортопедті, мед. ғыл. докторы (1970), профессор (1973). 1967 жылдан КОКП мүшесі. Алматы медициналық институтын бітірді (1960). Осы институттың травматология және ортопедия кафедрасаның аспиранты, ассистенті (1963). 1966–70 ж. Респ. дәрігерлер білімін жетілдіру ин-тының травмотология және ортопедия кафедрасаның доценті, меңгерушісі (1970–76), ал 1976 жылдан институттың ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.

Сегізбаевтың 47 ғылми еңбегі бар. Оның көпшілігі жарақат, сынық т. б. емдеу жөнінде (іштен туа пайда болған жамбастың шығуын емдеу жөніндегі еңбегі үшін авторлық куәлік алған). Сегізбаев –Бүкіл дақтық травмотологтар және ортопедтер ғылыми қоғамының мүшесі. Қазақстандағы осы қоғамның председателінің орынбасары.<ref>Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер