Әнуар Аманқұлұлы Шөжеғұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әнуар Аманқұлұлы Шөжеғұлов - 1969 жылы 2 желтоқсанда Талдықорған облысы Гвардия ауданының Қоғалы ауылында туған. Әкесі- Шөжеғұлов Аманқұл (1939-2006), инженер-құрылысшы болған. Анасы - Шөжеғұлова Жанат (1937 жылы туған), зейнеткер. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетін бітірген (1993), түсті металдар зауытының инженер-механигі. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

  • 1994 жылдан - Алматы қаласы «Жетісу» кедендік бекетінің инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы; 2003-2008 жылдары - бастығының орынбасары, бастығы.
  • 2009 жылдан - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары.
  • 2010 жылдың қаңтарынан бері - ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау дөпартаментінің бастығы.

Әскери атағы - сержант.
Діни көзқарасы - мұсылман.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, У. Черчилль, В.В. Путин.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Президенттік басқару түрі мен дамыған экономикасы бар демократиялық өркендеген мемлекет».
Хоббиі - саяхаттар, спорт.
Сүйіп оқитын әдебиеті - әскери тақырыптағы тарихи әдебиет, география жөніндегі кітаптар.

Үйленген. Жұбайы - Ағыбаева Сәуле Нәсімханқызы, туристік агенттіктің директоры. Ұлы - Шөжеғұлов Ерсайын; қыздары - Шөжеғұлова Салтанат, Шөжеғұлова Әлия.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub