Әнуарбек Бейсембайұлы Үмбетбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әнуарбек Бейсембайұлы Үмбетбаев (20.3.1914 жыл, қазіргі Алматы қаласы — 11.12.1973 жыл, сонда) — әнші (лирикалық-драммалық тенор), Қазақстанның халық артисі (1947), Сталиндік сыйлықтың лауреаты (1949).

Еңбек жолы

  • 1949-51 жылдары Қазақ консерваториясында (Курганов класы бойынша) оқыды.
  • Әншілік өнер жолын 20 ғасырдың 30-жылдары жаңадан ұйымдасқан Қазақ радиосынан бастады.
  • 1935 жылы Қазақтың атты әскер полкінің ансамблінде әнші болды.
  • Сол жылы Ташкентте өткен әскери округтың фестиваліне қатысып, 1-жүлде алды. 1937 жылы Қазақтың опера және балет театры жанындағы 2 жылдық студияны бітіргеннен кейін, сол театрда қызмет етті. Үмбетбаев өз өнерімен қазақтың ұлттық опера жанрының өсіп дамуына белсене ат салысты. Қазақ театрының ірге тасын қалаушы мәдениет қайраткерлері Ж.Шанин, К.Байсейітова, Қ.Жандарбеков, Қ.Байсейітов, М.Ержанов, Ү.Тұрдықұлова, тағы басқалармен бірте еңбек етіп, өзінің әншілік-актерлік шеберлігін шыңдады.

Ойнаған рольдері

Ол 40-қа жуық музыкалық образдар жасады. Мысалы, Біржан (Төлебаевтың "Біржан - Сарасында", Айдар, Төлеген (Жұбанов пен Хамидидің "Абай" мен "Төлеген Тоқтаровында"), Тарғын (Брусиловскийдің "Ер Тарғынында"), Бақи (Қожамияровтың "Назугумында"), Хозе (Бизенің "Карменінде"), Пинкертон (Пуччинидің "Чио-чиосанында"), Каварадосси (Вердидің "Тоскасында"), Жек (Жигановтың "Алтыншашында"), тағы басқа.

Сондай-ақ Үмбетбаев қазақтың халық әндерін ("Ағашаяқ", "Аққұм", "Қаракөз", "Бурылтай"), қазақ композиторның шығармаларын бабына келтіре орыңдады.

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту
  • "Құрмет белгісі" ордендерімен
  • бірнеше медальмен марапатталған.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}