Әмзе Әлжанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлжанов Әмзе (8.3.1916, Шиелі ауданы Жиделіарық ауылы – 23.12.2005, Қызылорда қаласы) – қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері. Қызылорда ауыл шаруа техникумын (1938), Қазақстан Ок жанындағы Жоғары партия мектебін (1953) бітірген. Еңбек жолын 1932 жылы Жаңақорған ауданындағы «Горняк» ұжымшарында жұмысшы болып бастады. 1939 жылы Семей облысы Шұбартау ауданында жер бөлімі маманы болып қызмет істеді. 1941 – 42 жылы Шиелі ауданы партия комитеті 1-хатшысының орынбасары, 1946 – 47 жылы Қазалы ауданы партия комитеттінде насихат бөлімінің меңгерушісі, 1948 – 51 жылы Қызылорда облысы партия комитетті ауыл шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1953 – 54 жылы Шиелі ауданы парткомының 1-хатшысы, 1954 – 56 жылы аудандық атқару комитеттінің төрағасы, 1956 – 58 жылы Тереңөзек (Сырдария) ауаткомының төрағасы, 1958 жылы Жаңақорған ауданы парткомының 1-хатшысы қызметтерін атқарды. 1961 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі, 1961 – 63 жылы Қармақшы ауданы парткомының 1-хатшысы, 1963 – 69 жылы аудандық атқару комитеттінің төрағасы, 1969 – 80 жылы Қызылорда облысы тұрмыстық қызмет көрсету басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. 1980 жылы республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шыққан. Әлжанов Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”,

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әмзе Әлжанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}