Әлім Ыдырысов Әкрәмұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлім Ыдырысов Акрамұлы (30.10.1939 ж. туған, Қызылорда қаласы) – ғалым, медицина ғылыми докторы (1994), профессоры (1995), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003). 1963 ж. Алматы (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) медицина институтын бітірді. 1966 – 69 ж. осы ин-ттың оперативтік хирургия және топография анатомия кафедрасының ассистенті, 1969 – 80 ж. Ақтөбе медицина институтында доцент, 1984 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі. Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты хирургия (қолданбалы) анатомия және эксперименттік хирургия мәселелеріне арналған. Ыдырысов ішкі органдардың патология жағдайындағы морфо-функционалдық күйінің әр түрлі аспектілері мен оларды реттеуді зерттеді. Құрсақтың қатерлі ісіктері мен қабыну жағдайларын ұзақ уақыт катетер арқылы аймақтық артерия ішілік химия терапиямен және жедел деструктивті (бұзылу) панкреатитті емдеу әдістерін ұсынып, жетілдірді. 160-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Ыдырысовтың басшылығымен 3 ғылыми докторы мен 6 ғылыми кандидаты дайындалды.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлім Ыдырысов Әкрәмұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сілтемелер

  • Макро-микроциркулярное русло органов живота в условиях внутриартериальной и системной химиотерапии, А., 1999;
  • Вопросы морфологии и клиники (Респ. Сборник научных работ), А.]], 1991 – 2002;
  • Адам анатомиясы (Атлас), т. 1, Астана, 2005 (ред. жетекшісі).

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}