Әлібек Қаңтарбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға


Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев (23 желтоқсан 1947, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылы) - журналист, ақын.

Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев 1947 жылдың 23 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында дүниеге келген. 1965 жылы Шыңғыстай орта мектебін, 1970 жылы Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1970-1996 жылдар аралығында Катонқарағай ауданы мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор болып қызмет істеген. Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы.1997 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде бөлім редакторы қызметін атқарып келеді.

Әлібек Қаңтарбаев «Ағажай, Алтайдай жер қайда», «Қыран ғұмыр» атты поэтикалық, «Сол бір кез есімде», «Армандастар» атты прозалық, «Алаш азаматы» атты проза-поэтикалық еңбектердің авторы.

Ә.Қ.Қаңтарбаев – Қазақстан Республикасының Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы, 2007 ж. Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы сыйлығының лауреаты атанған. 2009 жылы мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры - 2009» төс белгісімен марапатталған<ref>Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА</ref> .

Дереккөздер

<references/>