Әлібек Мейірбекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлібек Мейірбекұлы (1944-2002) - 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, «Құрбан ата» ауылында дүниеге келді.

1961 жылы орта мектепті алтын медальмен аяқтан, Қазақ университетінің филология факультетіне түседі.

Еңбектері

Алғашқы өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеттерінде жариялайды. 1967—1970 жж. Қазақ теледидарында редактор, шолушы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқара жүріп, республикалық театр студиясына ұстаздық етеді. 1970 жылдан өзі туып өскен Жетісай аудандық газетінде, музыкалық драма театрында еңбек етті. Мәдениет техникумында он жыл мәдениет тарихынан дәріс берді. Ұстаздар даярлайтын оқу орнында қызмет істеді. Орта мектептің, кәсіптік техникалық орынның басшысы болды. Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының директоры қызметін атқарған. 1977 жылы «Жалын» баспасынан «Жүрек оты» атты тұңғыш өлеңдер кітабы, 1982 жылы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай музыка драма театры туралы кітапшасы жарық көрді. «Қазақстан» баспасынан «Бақытқа барар жол» (1987), «ӘлФараби» баспасынан таңдамалы өлеңдері (1997), «Мөлдір мүңым — Мүсілім» мемуарлық эссесі (1999) жариялайды. 20002001 жж. «Ләззат түні» және «Ашық күнгі найзағай» атты екі драмасы сахнаға қойылды. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамы ның төрағасы, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}