Әлібек Байжанұлы Сәтбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлібек Байжанұлы Сәтбаев 1948 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысының Қазалы ауданының Жаңа Қазалы кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Сәтбаев Жүмабай, марқұм, стахановшы, теміржолшы болып жұмыс істеген. Анасы - Сәтбаева Сәнімкүл, зейнеткер, әрқилы жұмыстар істеген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін (1971) ғалым-агроном мамандығы бойынша; Басқару және саясаттану институтының саясаттану факультетін (Алматы қаласы, 1991) саясаттанушы мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2001) заңгер мамандығы бойынша бітірген. Республикалық және облыстық басылымдарда жарияланған экономика, ұлттық дәстүр және тіл мәселелері бойынша көптеген мақалалардың авторы. Қазақ, орыс және ағылшын (базалық) тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1971 жылдан - Шымкент облысы Алғабас ауданының №85 Шаян АӨТУ агрономия негіздерін оқытушы. 1973 жылдан - Орал облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі. 1979 жылдан - Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, бірінші хатшының көмекшісі. 1981 жылдан - «№8 Ауылқұрылыс» тресі партия комитетінің хатшысы. 1986 жылдан - Орал облысы Орал маңы Жданов атындағы кеңшары партия комитетінің хатшысы. 1987 жылдан - Орал облысы Орал маңы аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1991 жылдан - Орал облыстық жер реформасы комитетінің төрағасы. 1994 жылдан - Батыс Қазақстан облысының Чапаев аудандық әкімшілігінің басшысы, Ақжайық ауданының әкімі. 2002 жылдан - ҚР Ақпарат министрлігінің Батыс Қазақстан облысындағы Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы. 2005 жылдан бері - Батыс Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасының бастығы. Орал қалалық Халық депутаттары кеңесінің (1982-1986), Орал қаласындағы Ленин аудандық Халық депутаттары кеңесінің (1982-1986), Орал маңы аудандық Халық депутаттары кеңесінің (1987-1991) депутаты. Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы (1992-1994). «Денсаулық» клубының мүшесі (волейбол, 1991 жылдан). «Еңбек ерлігі үшін» (1979), «Ерен еңбегі үшін» (2009), т.б. медальдарымен; «Алтын барыс» белгісімен (2002) марапатталған. Әскери атағы - отставкадағы подполковник. Діни көзқарасы - дінге сенеді. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық жағынан дамыған мемлекет». Хоббиі - волейбол, теннис, шахмат, танымал адамдардың нақыл сөздерін, халық мақалдарын жинайды. Сүйіп оқитын әдебиеті - кпассикалық әдебиет, детективтік жанр. Үйленген. Жұбайы - Сәтбаева Жаңыл Мақыпқызы, зейнеткер. Қызы- Сәтбаева Гүлнар Әлібөкқызы (1970 жылы туған), төреші; ұлы - Сәтбаев Азамат Әлібекұлы (1981 жылы туған), заңгер, прокуратура қызметкері. Немерелері - Әйгерім, Алматы қаласы Халықаралық қатынастар институтының студенті, Аружан, Санжар.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}