Әлнұр Әлжаппарұлы Мұсаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

‘’’Әлнұр Әлжаппарұлы Мұсаев’’’ (4.1.1954 ж. т., Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы) – мемлекет қайраткері, генерал-майор. Қазақ политех. институтын (қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) (1976), КСРО Мемл. қауіпсіздік комитетінің Жоғары мектебін (1980) бітірген. 1976 – 79 ж. Оңтүстік Қазақстан аумақтық геологиялық басқармасында экономист, аға инженер, 1980 – 86 ж. Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері, 1986 – 89 ж. КСРО ІІМ Бас басқармасының 8-бөлімі бастығының орынбасары, 1989 – 94 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, басқарма бастығы, 1994 – 95 ж. ҚР ІІМ-нің Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күрес бас басқармасының бастығы, 1995 – 97 ж. ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары, 1997 – 99 ж. ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметін атқарды. 1999 – 2003 ж. ҚР Президентін қорғау қызметінің бастығы. Медальдармен, «Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған <ref name="test">Қазақ энциклопедиясы.</ref>

Сілтемелер

<references />

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлнұр Әлжаппарұлы Мұсаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}