Әлкен Нұрмағанбетұлы Қазанғапов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлкен Нұрмағанбетұлы Қазанғапов<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> - (25.9.1930 жылы туған, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Найзакескен станция) – техника ғылым докторы (1991), профессор (1992). ҚазМУ-ды (1954, қазіргі ҚазҰУ), Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика секторының аспирантурасын (1957) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Қолданбалы математика және машинатану лабораториясында кіші ғылыми қызметкер (1957–65), Математика және механика институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1965–94) қызметтерін атқарды. 1994 жылдан Қазақ көлік және коммуникация академиясында және ҚазҰУ-да оқытушы. «Жоғары өнімді есептеу құралдарын құруға номографиялық әдістерді жасау» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. 130-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы.

Пайдаланған әдебиетттер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлкен Нұрмағанбетұлы Қазанғапов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}