Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox

Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова (15 мамыр 1984 жыл, Шымкент Оңтүстік Қазақстан облысы) - Көркем гимнастика спорт шебері. Осы спорттан Олимпиадаға Қазақстаннан жалғыз жолдаманың иегері.

2010 жылдан бері - көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. Дүниежүзілік дәрежедегі төреші.

Жетістіктері

  • ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы;
  • Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері;
  • Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы;
  • Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан.
  • ҚР үздік спортшысы (2004).
  • ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006).
  • Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008).
  • Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2004).
  • «Құрмет» орденімен (2004);
  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған.

2006 жылғы Азия чемпионаты

2006 жылы Үндістанның Сурате қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өткен еді. Әлия Жүсіпова Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алды. Алғашқы алтынды көпсайыста алған ол доп, шығыршық, скакалка, лента секілді бағдарлама түрлерінің бәрінде де жеңімпаз болып шықты. Және бір атап өтетін жәйт – қазақ гимнасшы қыз Қазақстан көркем гимнастика тарихында алғаш рет Азияның абсолютті чемпионы атанды.

Жаттықтырушысы

Әлия Жүсіпова Мәскеуде олимпиадашылар дайындайтын атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттыққан.

Жанұясы

  • Әкесі - Жүсіпов Мақсұт Саидұлы (1956 жылы туған), запастағы ҰҚК полковнигі, Шымкент қаласы Әуесқойлар боксы ассоциациясының президенті. Анасы - Сарбаева Ася Кеңесбекқызы (1964 жылы туған), бухгалтер-экономист.

Жеке өмірі

  • М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі жәнө спорт факультетін (2006), жаттықтырушы-оқытушы; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын «Психология және педагогика» мамандығы бойынша (2008) бітірген.
  • Тұрмыс құрған. Жұбайы - Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы, заңгер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер