Әлиаров Бірлесбек Қани-ұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлиаров Бірлесбек Қани-ұлы (1.9.1939 жылы туған, Жаңақорған кенті) – ғалым-энергетик, техника ғылыми докторы (1984), Қазақстан ҒА-ның академигі (2003). ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) (1961) және Алматы энергетика институтын (1983) бітірген. 1961 – 1992 жылы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант, инжинер , кіші және аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, лабаратория меңгерушісі, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары болды. 1992 жылдан осы институттың директоры. Күлі көп Екібастұз көмірін отын есебінде қолдану мүмкіндігін зерттеуге және оны жағатын қазан құрастыруға қатысты. Сондай-ақ, отынның жануы кезінде бөлінетін түтін құрамындағы улы заттарды кеміту мәселесін де зерттеп, нақты нәтижелер алды (мыс, азот тотығының мөлшері 2 есе кеміді). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1987).

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”,

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлиаров Бірлесбек Қани-ұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}