Әлеуметтік қозғалыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлеуметтік қозғалыстар - әлеуметтік өзгерістерді қолдауға немесе одақтасуына бағытталған ұжымдық іс-әрекет. Әлеуметтік қозғалыстарға қатысушылар реформаларды ынталандыра отырып, ең алдымен қоғамдық пікірге құлақ асады. Олар өмір сүріп отырған нормалар мен құндылықтарды өзгерту мақсатында билікке нақтылы ұсыныстар жасап, өз идеяларын жүзеге асыру мақсатында азаматтық қоғам ресурстарын жұмылдырады. Әлеуметтік қозғалыстар' ХӀХ-XX ғғ. пайда болып, XX ғасырдың 60-70- жылдары ерекше қарқын алып, едәуір ықпал ете бастады.

Кейбір әлеуметтік қозғалыстар алдымен экстремистік және радикалды, адамшылыққа жат идеологияларға және заңсыз бұқаралық әрекеттерге бейім болады. Әлеуметтік қозғалыстарға қатысу қоғамға толық ене алмаған, психикалық жағынан тұрақсыз, қашан да экономикалық тұрақтылыққа, әлеуметтік дәрежесіне қауіп төніп тұрғандай күйде жүретін адамдарға тартымды.

Ұжымдық іс-әрекеттер (шерулер, бұқаралық жорықтар, жиындар, көше тәртіпсіздіктері) көз бояушылық өзара әрекет жағдайын жасап, күш қолдану мен қиратуды үдете түседі.Сонымен қатар, әлеуметтік қозғалыстар баламалы пікір білдіре отырып, азаматтардың саяси қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлеуметтік қозғалыстар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}