Әлеуметтік жіктеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әлеуметтік жіктеу (стратификация) - [лат. Stratum - қабат, facere - жасау] - қоғамды қоғамдық дәрежесі арқылы ерекшеленетін әртүрлі әлеуметтік жіктерғе бөлшектеу нәтижесі және процесі. Әлеуметтік жіктеу қоғам мүшелерінің және қоғамдық топтардың әлеуметтік жағдайларының бірдей еместігінің, олардың әлеуметтік теңсіздігінің көрінісі. Қоғамды қабаттарға жіктеудің жолдары әртүрлі, субъективті әрі объективті болып келеді. Әдетте кәсіп, мамандық, табысы, білімі, дәрежесі, өзінің әлеуметтік жағдайын бағалауы негізге алынады. Әлеуметта- нушылар Әлеуметтік жіктеу мәселесін әртүрлі тәсіл- дер арқылы анықтайды, дегенмен ортақ белғілерін табуға болады: Әлеуметтік жіктеу - бұл иерархиялық тұрғыдағы жаңғыртылатын, жаңаратын қоғамның табиғи және әлеуметтік жіктелуі. Әлеуметтік жіктеу теориясын өндеуде П.А.Сорокиннің еңбегі зор. Ол: "қоғам ешқашанда біркелкі бола алмайды, болмайды да, ол қашан да жіктеледі", - деді. Әлеуметтік жіктеу теориясын жасауда әлеуметганушы-функционалистер Т.Парсонс пен Э.Шилз үлкен үлес қосты.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әлеуметтік жіктеу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}