Әке (мини-сериал)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телесериал Әке - Асқар Ұзабаев режиссерлік еткен драмалық қазақстандық мини-сериал.

Суреттеме

Жарынан айырылған әке қызы мен ұлын ертіп, ауылдан Алматыға көшіп келеді. Балаларының болашағына алаңдаған ол қалада жақсы жұмысқа орналасып, үлкен мүмкіндіктер мен бақытты өмірге қол жеткізуге болады деп сенеді. Балаларын қатарынан кем қылмай оқытып, олардың үлкен өмірге дұрыс қадам басуына көмектескісі келеді. Бірақ, балалары қала өміріне бейімделе қоймайды. Әкелері өзіне оңтайлы жұмыс іздеп, көп қиналады. Өмірдің қадам басқан сайын алдыңнан шыға келетін сан түрлі қиындықтарына шыдас беруге әкенің күші жете ме? Әкелеріне деген балалық махаббаты сөнуге айналған сәтте бауыр еті балаларының өзіне деген кіршіксіз сезімі мен сенімін кері қайтару жолында әке қандай тәуекелге барады?<ref>"Әке" мини-сериалы Kinostan.kz сайтында</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер