Әзімхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сатыбалдин Әзімхан (13.10. 1959 жылы туған, Талас ауданы, Ақкөл ауылы) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі (2003).

  • Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген (1981).
  • Институттан кейін Талас ауданы агроөнеркәсіптік бірлестігінің экономисі
  • Майтөбе кеңшарының бас экономисі.
  • 1984 – 85 жылдары Қазақ агроөнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспиранты
  • 1986 – 93 жылдары Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институты кіші ғылыми қызметкер
  • Қазақ агроөнеркәсіптік кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкерден институт директорының орынбасарлығына дейінгі өсу жолынан өтті.
  • 1994 – 95 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының Бас ғылыми хатшысы.
  • Шымкент ғылыми-өндірістік бірлестігінің Бас директоры
  • 1995 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімі бастығының бірінші орынбасары
  • 1996 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
  • 1996 жылы қыркүйегінен Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының негізінде құрылған Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Бас директоры.
  • 1996 – 99 жылы ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым академиясының вице-президенті қызметін қоса атқарды.
  • 2003 жылдан республикалық саяси «Отан» партиясы төрағасының орынбасары.
  • 1996 жылы Қазақ ауыл шаруашылық академиясының акад., ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының коррекция мүшесі болып сайланды. Орталық Азиямен Кавказ өңірінің сегіз мемлекетінің ауыл шаруашылық зерттеу форумына жетекшілік етеді, Дүниежүзілік ауыл шаруашылық зерттеу ұйымы Президиумының мүшесі.
  • 1997 жылы Ресей ауыл шаруашылық ғылым академиясының академигі.
  • 2001 жылы Моңғолия ауыл шаруашылық ғылым академиясының шетелдік мүшесі (академигі) болып сайланды.

Ғылыми еңбектері

160-тан астам ғылыми еңбектердің авторы, экономика ғылымдарының 1 докторын, 19 кандидатын дайындаған.

Марапаттары

  • 1988 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығы
  • 1994 жылы Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы
  • 1999 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.<ref>Тараз : Жамбыл облысы энциклопедиясы. Алматы, ISBN 9965-9389-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub