Әділ Шаяхметұлы Шаяхметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әділ Шаяхметұлы Шаяхметов 1956 жылы 20 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданының Каганович ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Ғайнанов Шаяхмет, марқұм,ҰОС ардагері, ветеринар-техник болып еңбек еткен. Анасы - Ғайнанова Сонымбүбі, зейнеткер, ардақты ана, Алматы облысы Жамбыл ауданы «Ұзынағаш» кеңшарының жұмысшысы болған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін бітірген (1978), тау-кен инженер-электригі; КСРО МҚК Жоғары курстарын (Минск, 1982)бітірген. Қазақ, орыс және неміс (сөздіктің көмегімен) тілдерін біледі. КОКП мүшесі (1984-1991). 1978 жылдан - ҚазКСР Арнайы монтаждық құрылыс министрлігінің «Қазақжарылысөнеркәсіп» тресінің Жезқазған облыстық мамандандырылған басқармасында энергетик, учаске шебері. 1981 жылдан - КСРО МҚК Жоғары курстарының тыңдаушысы. 1982 жылдан - Жезқазған облысы бойынша ҚазКСР МҚКБ Қаражал қалалық бөлімшесінің жедел өкілі, аға жедел өкілі, Ағадыр аудандық бөлімшесінің аға жедел өкілі. 1992 жылдан - Жезқазған облысы бойынша ҚРҰҚКБ Ағадыр аудандық бөлімшесінің бастығы. 1994 жылдан - Шонжы және Жаркент шекара отрядтары бойынша ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау бөлімдерінің бастығы, ҚР ҰҚК Әскери қарсы барлау басқармасы бастығының кадрлар жөніндегі орынбасары, ҚР ҚК жалпы арналымдағы күштері бойынша ҚР ҰҚК Әскери қарсы барлау басқармасының бастығы, ҚР ҰҚК Жедел-техникалық департаменті бастығының бірінші орынбасары. 1999 жылдан - ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім беру департаментінің бастығы, бас әскери инспекцияның генерал-инспекторы. 2002 жылдан - Павлодар облысы бойынша ҚРҰҚКД бастығы. 2006 жылдан - Алматы облысы бойынша ҰҚКД бастығы. 2007 жылдан - ҚРҰҚК төрағасының бірінші орынбасары. 2009 жылдың желтоқсан айынан - ҚРҰҚК төрағасы. 2010 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚРҰҚК Академиясы ның бастығы. Орденмен; «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» (1988), 3-ші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» (1991), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2002), «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 10 жыл» (2002), 3-ші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен, 3-ші дәрежелі «ҰҚК-КНБ-Қазақстан» (1997), 1-ші дәрежелі «Қайсар» (2001) белгілерімен марапатталған, құрмет грамоталарымен және алғыстармен аталған. ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.

  • Генерал-майор.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан Республикасында қандайда бір теріс құбылыстардың пайда болуына жол бермеу, тұрақты экономика және халықтың тіршілік деңгейінің жоғары болуы».
  • Хоббиі - волейбол, жүзу, аңшылық, бильярд, атпен серуендеу.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - отандық классикалық әдебиет.
  • Үйленген. Жұбайы - Шаяхметова Гүлнәр Ізтілеуқызы (1955жылы туған), ҚР ҰҚК Шекара қызметінде әскери қызметкер. Ұлы - Әлен (1981жылы туған); қыздары - Анель (1983жылы туған), Әсел (1988жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}