Әділ Тұрғанбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әнші. Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Орта мектепті Күршім ауылынан бітіріп, 1992-1995 жылдар аралығында Семей қаласындағы музыкалық училищеде, 1995-1999 жылдары Алматы қаласьшдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасында білім алды. С. Тұрысбековтің «Секеннің саз отауы» ансамбілінде, «Көпен келе жатыр» театрында, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінде, «Серпер» тобында өнер көрсетті. Республикалық «Қазақстан», «Хабар» телеарналары ұйымдастырған «Тамаша», «Алтыбақан», «Ән мен әнші», «Шаншар» бағдарламаларына қатысты. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында, Моңғол Халық Республикасының Баян Өлгий аймағында, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында өнер сапарында болған.

Дереккөздер

<references/>

1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж.

2. http://kitaphana.kz/