Әділ Бестібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әділ Бестібаев - сазгер, «Тәуелсіздік толғауы» байқауындағы «Ең үздік балеттік шығармалар» аталымында «Жерұйық» балетімен І жүлдеге ие болған, Қазақстан Композиторлар одағының және Канада музыка орталығының мүшесі. Тоталитаризмнің солақай саясатын "Ашубасар" күйімен әшкерелеп, Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың намысын жыртқан жан. Композитордың «Сұрапыл Сұржекей», «Қазақ тарихы» фильмдеріне арнаған музыкалары ұлттық нақышымен ерекшеленсе, 1993 жылы Австрияда жарық көрген "Азия дауысы" атты дискісі айрықша атап өтуді талап етеді. Аталмыш диск қазақ баласын әлемдік аренаға алып шығып, дүниежүзінің «мен» деген композиторларының ондығына енгізді. Қазір Әділдің үрмелі аспаптарға жазған шығармалары Алмания, Аустрия, Франция, АҚШ, Швейцария, Испания, Голландия, Ресей, Швеция, Таиланд сынды мемлекеттердің үлкен сахналарында орындалып жүр.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}