Әділбек Байзолдаұлы Абайділданов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Абайділданов, Әділбек (1932 жылы 18 наурызда Алматы облысы Ақсу ауданындағы Бақалы ауылында (қазіргі Сарқан ауданы) шаруа отбасында туған) —ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. . 1950 жылы Лепсі педучилищесін бітіргеннен кейін Ақсу ауданының «Октябрь» жетіжылдық мектебінде мұғалім болған. 1956 жылы Қазақтың мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Университет қабырғасында жүргенде алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде жарық көрген ақын сол кезде-ақ газет жұмысына араласқан.

1956 — 1959 жылдары Талдықорған облыстық «Советтік Жетісу» газетінде, кейін Алматы облыстық «Жетісу» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакцияларында қызмет істеген.

Абайділданов аударма жұмысымен де шұғылданған. Лермонтов, Блок, Иван Франко шығармаларын, орыс кеңес поэзиясының антологиясын аударуға қатысты. 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Латын Америкасының ақындары» жинағынан Чилидің XX ғасырдағы әйгілі тұлғалары Габриэла Мистраль мен Павло Неруданың өлеңдерін, 1976 жылы «Өнегелі адамдар өмірі» (ЖЗЛ) сериясымен жарық көрген «Николай Островский» атты кітапты (авторы Раиса Островская) аударды.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары

  • Ақ қайың. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1961;
  • Салтанат. Өлеңдер. А, ҚМКӘБ, 1964;
  • Қыран. Поэма. А., «Жазушы», 1966;
  • Алыс көкжиек. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1968;
  • Сокол. Стихи и поэма. А., «Жазушы», 1969;
  • Маржан. Өлеңдер мен поэма; Прометейдің аспанға қарап айтқаны. Поэмалар. «Ана тілі»,<ref>Писатели Казахстана: Справочник /Сост. Ауэзов М., Жорабеков К., Жангужина Р. — Алма-Ата: Жазушы, 1982. —280.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}