Әджеми Әбубәкірұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әджеми Әбубәкірұлы(12 ғ-дың 20 ж. 13 ғ-дың басы) — сәулетші. Орта ғасырдағы Нахичевань сәулет өнері мектебінің өкілі. Кусейир ұлы Юсуф (1162) пен Момине хатун (1186) кесенелерін және Нахичевань қаласындағы опрталдары бір-бірімен жалғасқан мұнараларды тұрғызған. Ғимараттарының монументті, әсем болып келуі әрі құрылысқа сол кездегі жаңа конструкцияны енгізе білуі — Әджемидің сәулетшілік өнеріне тән сипат. Бұл құрылыстарды көркемдеуге ою-өрнектің алуан түрлері мен ашық бояулары бір-бірімен үндестік тапқан. Әджемидің композициялық, сәндеу әдістері Әзербайжанның ғана емес, көршілес елдердің де сәулет өнеріне әсерін тигізді.

Дереккөздер:

Қазақ Ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Әджеми Әбубәкірұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}