Әдет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әдет— адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref> “Ауру қалса да әдет қалмайды” деу, әдеттің тұрақты қажеттілікке айналғанын көрсетеді. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Жақсы әдет адамның күш-жігерін пайдалы істерге арнауына, уақытын үнемдеп, негізгі ісін тындыруына көмектеседі. Жаман әдетті адам қауымның (отбасының, еңбек ұжымының т.б.) берекесін алып, оғаш қылығымен өзінің де ортадағы қадір-қасиетін төмендетеді. Әдеттің негізгі қалыптасатын кезеңі — балалық шақ. Осы кезеңдегі кез келген нәрсеге еліктей бергіштік қасиет кейде ұнамсыз әдетердің қалыптасуына себепші болады. Ислам дінін ұстанатын халықтардың әдет-ғұрпы, жазылмаған заңы; әдет шариғатқа ретінде қарастырылады.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Әдет - белгілі бір жағдайда адамның қажеттілікке айналып кеткен мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы. Әдет стихиялық түрде, сонымен қатар бағытталған тәрбие арқылы пайда болып, мінезінің тұрақты қырына айналуы мүмкін. Тәрбиелі деп сырттан бақылау болмағанның өзін-өзі қалай ұстау керектігін білетін және өзінің әдеттеріне сай басқаша шешім қабылдай алмайтын адамды айтады.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

ӘДЕТ- көшпелі ортадағы адамдардың әлеуметтік тәртібінің негізі болып табылатын тарихи қалыптасқан тұрақты әлеуметтік нормалар мен ұстанымдар. Әдет вертикальды ұрпақаралық-этникалық байланыстар арқылы, яғни әкеден балаға әлеуметтік ортада қалыптасқан сан алуан механизмдер арқылы беріліп отырады. Бұл нор¬малар мен ұстанымдар көшпелі социумның барлық мүшелеріне ортақ, үйреншікті, әрі дағдылы болғандықтан әлеуметтік қарекетті реттейтін маңызды функция атқарды. Сонымен бірге әдеттің өзі де дәстүрдің ұрпақаралық- этникалық беріліс үдерісінің ең маңызды тетіктерінің бірі болып табылады. Қалыптасқан жалпыға ортақ әдетті сақтау дәстүрлі социумның қалыпты тіршілігінің негізгі факторларының бірі болды. Сондықтан көшпелілер әдеттің ежелден орныққан нормалары мен ұстанымдарының бұлжымастығын қамтамасыз етуге айырықша мән берді. Әдетті қалыптастыратын және сақтайтың ең басты этномэдени орта, әрине, отбасы болды. Түптеп келгенде, отбасында атқарылатын сан алуан салттар, ғұрыптар, ырым-тыйымдар, жосын-жоралғылар әдеттің ілкімді нормалары мен принциптерінің қолданысын қамтамасыз ететін механизм болып табылады. Және аталмыш үрдістердің өздерінің де әдеттің нормалары мен ұстанымдарына сәйкестілігі олардың дәстүрлі тәртіппен атқарылуының кепілі болып табылады. Яғни олар өзара себеп-салдарлық байланыста болды. Бұл ретте, әлбетте, отбасы иелерінің - ата-ананың, жақын ағайын-туыстардың, жекжат-жұраттардың, әрісі руластардың кісілік қасиеттері мен әрекеттері маңызды рөл атқарды. Осы ретте шежірелік жосынға негізделген және осы жосынмен реттелетін туыстық-рулық қатынастар жүйесінің ерекше маңызды рөл атқарғандығын айтуға бо¬лады<ref>Баллюзек Л. Ф. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой Киргизской орде силу Закона // ЗООИРГО. Казань, 1871. Вып.2</ref>. Дәстүрлі ортадағы адамаралық байланыстар - үлкен мен кішінің, әйел мен ер адамның, әйелдер арасындағы және ер адамдардың қарым-қатынасындағы ұстанымдар мен нормалардың әдеттік қалпы бүкіл социумның тіршілігінің бірден бір кепілі болды<ref>Загряжский Г. Юридические обычаи киргизов. О народном судье у кочевого населения Туркестанского края по обычному пра¬ву (зань) // Материалы для статистики Туркестанского края. Под ред. Н.А.Маева. Ежегодник. Вып.IV. СПб., 1876</ref>. Бұл жерде әдеттік қалпы деген сөз тіркесі ата-баба жолының принциптері мен нормаларының қалыпты күйін білдіреді. Сайып келгенде, бүкіл қоғам мүшелері мойындаған әдеттегі нормалар мен ұстанымдар қоғамдық сипатта болды. Ал қоғамдағы әдеттен тыс деп аталатын әрекеттер мен қылықтар әдепсіздік ретінде бағаланды. Осындай әдеттен тыс әрекеттер мен мінез-құлықтардың субъектілері социумның, яғни руластардың қатал сынына ұшырап отырды. Шектен шыққандары болса, тіпті, әдеттік құқықтың принциптері мен нормаларына сәйкес жазаланды. Демек, әдеттен тыс - жағымсыз мінез-құлықтар мен әрекеттер субъектілік сипатта, яғни жеке адамдарға ғана тән қасиет болды. Жалпы алғанда, әдеттің нормалары мен ұстанымдары қоғамдық қатынастардың институттары, нормалары мен принциптері арқылы қамтамасыз етіліп отыр¬ды. Әсіресе, әдеттік құқық пен осы институттың нормалары мен принциптерін жүзеге асыратын механизм - билер соты мен оның шешімдерінің жүзеге асырылу тәсілдері айырықша рөл атқарды<ref>Гродеков H.И. Киргизы и ка¬ракиргизы Сыр-Дарьинской облысы Т.1. Юридический быт. Ташкент, 1889</ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}