Әбіш Байтанаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбіш Байтанаев (25.12.1910, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы – 3.6.1993, Шымкент қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1971), профессор (1976). КСРО Жоғары мектебінің үздік қызметкері. <ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Петропавл қаласындағы жер өлшеу техникумын бітірген. «Лениншіл жас» (1932–1936, қазіргі «Жас алаш») газеті редакциясында қызмет атқарды. Майданнан оралған соң партия, кеңес органдарында, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде еңбек еткен. 1946 жылдан өмірінің соңына дейін Шымкент педагогика институтында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) сабақ берді.

Байтанаетың ғылыми-зертханалық еңбектері қазақ романының теорияқ мәселелеріне арналған. «Шын шеберлік» (1969), «Орта мектептерде әдебиет теориясын оқыту» атты әдістемелік еңбек (1988) пен «Абай жолы айшықтары» монографиясының (1995) авторы. «М.О.Әуезовтің Абай туралы эпопеяны жасаудағы шеберлігі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Оның есімімен Оңтүстік Қазақстан облысы Шәуілдір ауылындағы орта мектеп аталады. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}