Әбілқас Сағындықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әбілқас Сағындықов (1915 ж.т.), тау-кен ісі саласындағы ғалым, техикалық ғылымдардың докторы (1968), проф. (1958), ҚазКСРҒА-ның академигі (1970), Соц.Еңбек Ері (1971), ҚазКСР Мемл. сыйлығының лауреаты (1974; 1986). Днепропетровск тау-кен институтын бітірген(1939). 1939-1955 ж . «Қарағандыкөмір» комбинатының тау-кен кәсіпорындарында басшы қызметте, көмір ғылыми зерттеу институтының директоры болды. 1955-1987 ж. Қарағаңды тау-кен институтының (қазіргі ун-т) ректоры. 1955-1988 ж. каф. меңгерушісі, 1988-1991 ж. ректор кенесшісі. 1991 ж. Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институтын құрып, 2001 ж. дейін басқарды, 2001 жылдан құрметті директоры, сонымен қатар ҚарМТУ-да профессор-кеңесші қызметін атқаруда. 350-ден астам ғылыми еңбектің (оның 20-сы монография) авторы. Ғыл. еңбектері көмір қабаттарын қолайлы жүйелермен өндіруге, шахта алаңдарын аршу және дайындау схемаларын жетілдіруге тау-кен техникасын кемелдендіруге, жер асты құрылыстарының беріктігін зерттеуге арналған. ҚазКСРҒА-ның Орт.Қазақстан бөлімшесінін бюро мүшесі. 7-сайл. КСРО Жоғ.Кеңесінің депутаты. Қазақстан Компартиясының 9,12,15-съездерінін делегаты. 2 мәрте Ленин орденімен, Октябрь революциясы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.

Еңбектері

  • Расчеты технологических процессов добычи угля в (соавт.) (1961);
  • Проблемы разработки угольных пластов Карагандинского бассейна (1976);
  • Оптимизация технологических схем угольных шахт (1974);
  • Проблемы освоения и разработки угольных месторождений Казахстана ( 2 0 0 3 ) ;
  • Геотехнологическиеметоды добычи метана (2001).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы:Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}