Әбілқасым Жаңбырбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Әбілқасым Жаңбырбаев (1 қаңтар 1927 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы - 6 қазан, 2012 жылы Семей) – советодағының және қазақстандық театр режиссері, актер. Қазақ ССРнің Халық артисі. Қазақстанның мемлекеттік степендиясының иегері. Семей қаласының Құрметті азаматы. Абай атындағы Қазақ музыкалық драма театрында еңбек етті.

Өмірбаяны

  • Өнердегі қадамын көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастап, 1942 жылы Семей облысы музыкалы драма театрына қабылданды. Актер Мұхтар Әуезов шығармалары бойынша қойылған “Қарагөз”, “Еңлік — Кебек”, “Айман — Шолпан”, “Түнгі сарын” спектакльдеріндегі Сырым, Кебек, Арыстан, Сапа бейнелерін ерекше шеберлікпен сомдады. Ғ.Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқтысындағы” Науан, “Қозы Көрпеш—Баян сұлудағы” Қарабай, Ә.Тәжібаевтың “Майрасындағы” Дүрбіт, Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астындағысындағы” Арыстан, Қ.Туғанбаевтың “Қызыл Қатранындағы” Қатран, Қ.Мұхаметхановтың “Комиссар ұабасовындағы” Сабыржан, М.Сәрсекеевтің “Шыңғыс хиқаясындағы” Рамазан, Ш.Хұсайыновтың “Алдар көсесіндегі” Алдаркөсе рөлдері де қазақ сахна өнерінің тарихында қалды. Ж. Әбілқасым сондай-ақ, Хлестаков (Н.В. Гогольдің “Ревизорында”), Труффальдино (К.Голдонидің “Екі мырзаға бір қызметшісінде”), Диуана (М.Кәрімнің “Ай тұтылған түнінде”), Агабо (О.Ш. Иоселианидің “Арбаң аман болсынында”), Аршин (У.А. Гаджибековтің “Аршин мал аланында”), т.б. көптеген сахналық тұлғалар жасады. Режиссер ретінде С.Адамбековтің “Аюбайдың ажалы”, А.Шамкеновтің “Адасқан қаз”, Б.Мұқайдың]] “Қош бол, менің ертегім”, т.б. пьесаларды сахнаға шығарды.
  • Ол бірнеше кинофилімдерге түсіп, Құдайменде (“Қан мен терде”), Орақбай (“Жаушыда”), Ержан (“Көгілдір тұмарда”), т.б. экрандық бейнелер сомдады. Ж.Әбілқасым — толғаныс пен ішкі көңіл күй арпалыстарына ерекше көңіл бөлетін сахна шебері.

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер